Көрмеде он алты баланың “Mаусым” жобасында салған суреттері қойылған. Мұндағы мақсат – қаңтар оқиғасы кезінде асыраушысынан айырылған балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау. Іс-шара үш күнге созылды: 16,17,18 маусым күндері. Көрменің соңында аукцион өткізіліп, суреттер сатылымға шығарылды. Түскен ақша толығымен сурет авторларына беріледі. Картиналардың бастапқы бағасы 10000 теңге. Қалған суреттерді mausym.art парақшасынан көре аласыздар.