Олардың ісін Бостандық ауданының No2 аудандық соты қарады. Сот тергеуі барысында сотталушылардың 4-5 қаңтар аралығында қаланың әр жерінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны анықталды: тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған; ірі залал келтірген автокөліктерді ұрлаған; қауiптi өндiрiстiк объектiнiң, сондай-ақ арнайы органдар күзетiп отырған басқа да объектiлердiң аумағына заңсыз енген.