Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 331 адам түрлі мерзімге сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қаңтар оқиғаларына байланысты еліміз бойынша барлығы 5 065 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. 514 күдікті адам сот санкциясымен қамауда. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін немесе процестік келісім жасалғаннан соң істер бірден […]