Алматыда жүктемесі жоғары бірқатар қиылыста қозғалыс сызбасын түзету бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Жоба аясында жүргіншілер мен көлік қозғалысына арналған жекелеген бағдаршам фазалары өзгертіледі. Бұл туралы Алматы қаласының жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.