ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Sincere System Group» (S-Group) компаниясының өкілдері қаржылық пирамида құрғанын анықтап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлер белсенді азаматтардың қатысуымен компанияның қызметін ерте кезеңде тоқтатып, бұл алданған инвесторлардың санын азайтуға мүмкіндік берді. S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кірістілікке уәде берді.