Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолағынан өтіп бара жатқан 1968 жылғы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 ақпан күні 05:50-де болған.