Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру орны толмас зардап әкелуі мүмкін. Газ әбден жиналып, қаланың жартысы «көкке ұшып кетуі» ғажап емес. Ал мұндайда адам шығыны болатыны анық, деп есептейді «Қазмұнайгаз» АҚ-ның бұрынғы басшысы, ғалым Серік Бүркітбаев. Физика-математика ғылымдарының докторы, 60-тан астам ғылыми еңбек авторы, бұрынғы Көлік және коммуникация министрі Серік Мінаварұлы ЖЭО-2-ні газдандыру мүмкіндігі туралы мәселе қатты