Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне құтқарушылардың құрметіне мурал салынды. Арт-нысан «Айнабұлақ» шағын ауданындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінде пайда болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, муралға арналған тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Құтқарушылар әрқашан алдыңғы қатарда, өз өмірлерін қатерге тігеді. Сондықтан да ел құрметіне бөленген мамандық. Қабырғада кішкентай қызды жалыннан алып шыққан өрт сөндіруші – құтқарушы бейнеленген. Айта кету керек, ұқсас