1 мамыр күні Алматының Горький саябағында митингке шыққан онға жуық адам қамалды. Бұл туралы Азаттық хабарлады. Осыған дейін азаматтарды митингке шығуға оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов үндеген. Ол қытай азаматтарының Қазақстанға визасыз кіруіне қарсы болып, Астананы Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымынан және Еуразия экономикалық одағынан шығуға үндеген. 1 мамырдағы акцияға 20-ға жуық адам қатысқан. Полиция қызметкерлері олардың