Алматыда мектеп асханаларындағы тамақ сапасын бақылау үшін мониторингтік комиссия құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Қаланың әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ыстық тамақ ұйымдастыру және санитарлық нормаларды сақтау бойынша топ құру туралы бұйрықтың бекітілгенін жиналыста мәлімдеді.