Алматыда өздігінен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кресло-арбаларға арналған бөлшектерді жөндейтін және ауыстыратын тегін орталық жұмыс істейді. Шеберханада 470 азаматқа көмек көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.