Takeda биофармацевтикалық компаниясы Алматыдағы Онкология институтының (ҚазОРҒЗИ) аумағында сакура ағаштарын отырғызды. Ағаш отырғызу Онкология институты мен елімізге қатерлі ісікке қарсы инновациялық препараттарды жеткізетін жетекші фармацевтикалық компания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың символы болды. Атаулы науқан институт пен Takeda арасында қол қойылған Қазақстан аумағындағы онкологиялық аурулармен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өтті.