Алматы қаласы тік ішек пен тоқ ішек обырының салдарынан болатын өлім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Колоректалды обыр ересектер арасындағы өлім-жітімге себепкер дерттер арасында 2-орында тұр. Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетов қала тұрғындарын онкоскринингтен өтуге шақырды. Айтуынша, обырдың бұл түрі кең таралған. Колоректальды ісіктің пайда болуына ең алдымен тұқым қуалаушылық факторы әсер етеді. Сонымен