Алматыда техника қоймасына үш адам қарақшылық шабуыл жасады. Күдіктілер Жамбыл облысынан ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш ер адам қойма күзетшісін жабылып ұрып-соққан. Ол аздай, қару-жарақпен қоқан-лоққы көрсетіп, компьютерлік техниканы, ірі сомадағы видеокарталарды тартып алып, ізін суытқан. Осы факті бойынша жедел-іздестіру тобы құрылды. Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер Шу қаласында ұсталды. …