Алматыда оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы рапидте төрт алтын жүлдеге ие болды. Чемпиондар Махмұтжан Әзімхан, Ернұр Батыр, Айдана Молдабек және Аяна Исахан.