Алматыда 4 жасар бала шұңқырға жиналған суға құлап, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Жазатайым оқиға 9 мамыр күні Алатау ауданы Қарасу ықшам ауданында кәріз сорғы станциясының құрылыс жұмыстары жүріп жатқан орында болған. «Кәріз сорғы станциясын орнату жұмыстарын Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысы бойынша мердігер ұйымдар жүргізгендігі анықталды», – деді Алматы қаласы Алатау …