Фото: Алматы қаласы ПД/Видеодан скрин Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Қамбар Сәрсен 102 жасында қайтыс болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Сәрсен Қамбар Әмірұлы 1924 жылы 25 қазанда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Күнтимес ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамызда Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 3-ші жеке бригададағы мерген мектебінің курсанты болып тіркелген. 1943...