Алматының мектептеріне бөтен адамдардың кіріп-шығуына тосқауыл қойылады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу орындарының кіреберісіне адамның бет-жүзін танитын аппараттар қойылып, бейнебақылау камералары тікелей полицияның жедел басқару орталықтарымен байланыстырылады. Жаңа жоба келер жылдан бастап қолға алынады. Соңғы кездері қалада көлік саны тым артып кеткендіктен, балалардың өміріне қатысты ата-аналардың шағымы да көбейген. Осы мәселені шешу мақсатында тек