Белгілі болғандай, бала аулаға шығып бара жатқанда, ақауы бар есік оны басып қалған. Ол жедел жәрдем көлігімен №2 қалалық Балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, баланың басына компьютерлік томография жасалып, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ екенін айтты. Жағдайы қалыпты.