Райымбек даңғылында көлік қозғалысы он күндей уақытша шектеледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты 12-21 қыркүйек аралығында түнгі уақытта сағат 22:00 мен сағат 06:00 аралығында Райымбек даңғылының Назарбаев даңғылынан Төретай көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі, делінген хабарламада. Бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.