Алматыда 30 жыл бойы тұрса да, әлі басында баспанасы жоқ адамдар бар. Олар өмір бойы пәтер жалдап келеді. «Алматыда парадокс жағдай орнаған. Алматыдағы адам санынан салынған пәтер саны көп», дейді «Бірге-2021» қоғамдық қорының жетекшісі Дильнар Инсенова ZonaKZ интернет-газетінің журналисі Ботагөз Алдоңғароваға берген сұқбатында. Маман жағдайды былай түсіндіреді: Қазақстанда коррупционерлер өте көп. Олардың әрқайсысының әйелдері бар.