Алматыда скутер мен мопед жүргізушілері көлік жүргізушілерімен теңестіріледі. Енді оларға да айыппұл салына бастайды. Бұл ең бірінші тротуар мен автобус жолағымен жүретіндерге қатысты. Мұндай адамдар сергек камераларының көмегімен анықталады. Жаңа заң бойынша мопед жүргізушілері туралы ақпарат арнайы базаға жинақталады.