Алматыда белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, білім және спорт саласының көрнекті өкілдері алдағы референдумға қатысты өз ұстанымын білдіріп, оны ел болашағына тікелей ықпал ететін тарихи оқиға деп бағалады. Олардың пікірінше, бұл – жай ғана саяси рәсім емес, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең, деп хабарлайды newsroom.kz