Бүгін Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қайырымдылық акциясына қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Соның нәтижесінде 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды.