Олар бостандықта жүр. Ал зорлаған жігіттердің туыстары жәбірленушіні қорқытып отыр. Үш жігіт Алматының кинорумына барған 20- жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді. Әділдік іздеп, қорланған қызға адвокат пен психолог іздеп НемолчиКZ қоры әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Оқиға 13-нен 14-не қараған түні болған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, күдіктінің бірі оның танысы. Ол өзі басқаратын кинорумға қызды шақырған.