Алматы көшелерінің атауы ара-тұра өзгеріп тұрады. Бұған тұрғындар да үйренген. Көп адам көшенің ескі атауы қайсы, жаңасы қайсы, оған мән беріп жатқан жоқ. Тарихта ізі қалған маңызды тұлғаның өмір жолы, сіңірген еңбегі ғимарат бұрышына ілінген шағын жазу боп қана көзге ілінеді. Кез келген адам Абайды, Дінмұхамед Қонаевты, Сәкен Сейфуллинді жақсы білетініне күмән жоқ. Алайда тұрғындар