Қазақстандағы ірі алтын өндіруші "Алтыналмас" компаниясы Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кенішін өз иелігінен шығарды. Бұл – бірнеше жыл бұрын шахта аумағында жер опырылып, қызметкерлер отырған автобус жер астына құлаған қайғылы оқиғамен белгілі болған кәсіпорын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.