Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар Үкімет мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылады. Мәселен, былтыр елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 165 мектеп пен 611 балабақша ашылды, 470 мыңнан астам жас азамат