Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Бүгін партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты, деп хабарлайды El.kz