Астанада 20 жастағы жігіттің стоматологиялық ем қабылдау кезінде көз жұмуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қайғылы жағдайдан кейін заңгер Дәулетхан Ахметов Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жасап, стоматологиялық клиникаларға қойылатын талаптарды күшейтуді талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.