Қазақ тіліне қатысты тағы да шу шықты. Негізі бұл мәселе Қазақстанда жиі көтеріліп тұрады. Бұл жолы ZARA желісінде болған оқиғаны тарқатайық. Блогер Құралай Раисова киім-кешек сататын ZARA желісінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен. Алайда сауда желісінің сатушысының бірі оған қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып, дөрекі сөйлеп, дауласып қалған. Намысым жер, жігерім құм болды.