Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook-тегі парақшасында ұзақ жасаудың сырымен бөлісті. «Ұзақ өмір сүру пендеге Құдайдан берілетін тылсым дүние ғой. Ал денсаулықты күту – өмір сапасын жақсартудың кепілі. Мен анамды алты жасыма дейін емген адаммын. Балалармен ойнап жүріп, шешемді көріп қалсам, омырауына жабыса кететінмін. Бірге ойнаған достарым бұл үшін мені әжуалағанда «сендерге көрсетемін» деп