БҚО тұрғыны аңдамай сөйлеймін деп от басты. Ол желіде «Қазақстанның Орал, Петропавл, Павлодар қалаларын Ресейге беруі керек» деп пікір жазған. Қазір полиция пост авторына қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлады turkystan.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПД хабарламасына сүйенсек, Максим Яковенко атты желі қолданушысы арандату мазмұнындағы жазбаны желіге жариялап, көпшіліктің ашуын туғызған. Полицейлер …