Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов аялдамаларда бей-берекет ілініп тұрған жарнамаларға шүйлікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Әкім сол жарнамаларды жабыстырып кететін тұрғындарды коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысына құрметпен қарауға, қаланың тазалығына мұқият болуға шақырды.