Әнші Төреғали Төреәлі Қызылордаға не үшін көшіп кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің әйелі Толтын Тұрарбекқызы айтты. Сіздерге бір арманым туралы айтқым келеді. Кәусар дүниеге келгелі біз Қытай елінде бес жасына дейін емделіп жүрдік. Шынымды айтсам, ол өте ауыр күндер. Ем алудың қиындықтарынан бөлек, тамағы, тұратын жері, бәрі оңайға соқпайтын.