Жексенбіде Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан кейін ауруханаға түсіп, операция жасалған Қазақстан турисі қаза болған. Мұны Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Айбек Смадияров қаза болған адам туралы толық ақпарат әзірге қолында жоқтығын, бірақ жол апатына ұшыраған микроавтобустағы туристердің бәрі Түркияға Қазақстанның Маңғыстау облысынан барғандар деген болжам бар екенін айтты.