Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылығына қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады. Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиіс шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден аса сомаға артық