«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Ата Заңға енгізілетін түзетулер Жаңа Қазақстанның іргетасын қалайтынын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгін референдум өткізуді қолдау Республикалық партия штабының жұмысын қорытындыладық. Өздеріңіз білетіндей, «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт насихат жұмысына бірінші күннен бастап белсенді түрде кірісіп кетті. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында біз санға емес, сапасына мән бердік. …