Білім және ғылым министрлігінің отырысы кезінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев қазақтандық мұғалімдерді “апай, ағай” немесе “ұстаз” деудің орнына “ханым, мырза” деп атауды ұсынды. Әлеуметтік желіде бұл ұсыныс лезде қызу талқыға ұшырады. Осыған қатысты Stan.kz тілшісі педагогтердің пікірін сұрап білген еді.