Аргентинада ақпан айында жылдық мәнмен есептегенде инфляция деңгейі 102,5% пайызға жетті! Қаңтарда 98,8% болған. Мұндай сұмдық инфляция бұл елде соңғы рет 1991 жылы тіркелген. Былтыр футболдан әлем чемпионы атанған елде қуаныштың ізі де қалмады. Ел дүкендеріндегі бағалар тек бір айдың ішінде жалпы алғанда 6,6%-ға қымбаттады. Инфляцияның қарқыны сонша, елдегі дүкендердегі бағалар апта сайын өсетін болды.