12 шілде күні республиканың басым бөлігінде антициклон жотасына байланысты жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Елдің тек батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөлімдер өткеннен кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі.