Қазақстандықтардың санын көбейтуге Шымкенттіктер көп үлес қосып жатқан секілді. Себебі аймақта жылына 33 мың, яғни әрбір 15 минут сайын бір нәресте дүниеге келеді. Осыған байланысты кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа перзентхана салу туралы айтты. Оның сөзінше қалада қазірдің өзінде үш перзентхана бар. Дегенмен тұрғындарға жаңа техникамен жабдықталған заманауи перинаталдық орталық