Қазақстан соңғы бес жылда Арал теңізінің құрғап қалған табанының 1,1 миллион гектардан астам аумағына сексеуіл екті. Экология министрлігінің мәліметінше, бұл Арал маңындағы шөлейттенуді тежеудің және тұзды шаң дауылдарының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.