Биыл тарихта аты қалған айтыс ақыны Ақсұлу Орысбайқызының туғанына 150 жыл. Осы мерейтойға орай, туған жері – Қостанай облысының Жітіқара ауданында ақындар аламаны өтті. «Айтыстың Ақсұлуы» атты облыстық айтыста өңір ақындары әйгілі тұлғаның асыл мұрасын, талайсыз тағдырын өлеңге қосты. Кенді өлкенің