Ұлттық домбыра күні және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Арқалық қаласында 1000 домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ұлттық өнер дәріптелген шараға қалалық халық аспаптар оркестрі мен шаһар тұрғындары қатысты. «Оркестр «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқты халық күйлерін, Құрманғазының «Балбырауын», Нұрхан Ахметбековтың «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін нақышына келтіре …