Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Тазалық жұмыстарына 1200-ге тарта адам қатысып, 500 тоннаға жуық қалдық шығарылды. Экошарада шаһар басшысы Әмірхан Асанов көпшілікті игі іске атсалысуға шақырды.