Абай облысында көлікке арналған арнайы арқанның үзіліп кету салдарынан жүргізуші ажал құшты. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Алдын ала мәліметтер бойынша қайғылы оқиға Омбы – Майқапшағай тасжолының 899-шақырымында сағат 01:00 шамасында болған.