Қарағанды облысының полицейлері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен қаланың 52 жастағы азаматы мен 44 жастағы азаматшасы ұсталды. Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. деп хабарлады