Мұндай шешім қайғылы жайтқа байланысты қабылданды. «АрселорМиттал Теміртау» шахталары өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады. Еске салайық, 3 қараша күні «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында жарылыс болып, 4 адам қаза тапты. Кейін жарылыстан қаза тапқан бесінші адамның денесі табылды. Көп ұзамай қайтыс болған жұмысшылардың есімдері жарияланған болатын.