Қарағанды облысында бірнеше шахта мен комбинатқа ие «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 6 қарашада шахталардың бірінің аумағында бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Компания жексенбі күні бұл жөнінде қысқа хабарлама таратты. 2022 жылдың 6-қарашасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкерінің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған, делінген компанияның